ҚАЗАҚСТАН-ОЭК
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТЫН БАЗАСЫНЫҢ ЕҢ ІРІ ЖЕЛІСІ
phoneUndefined emailinfo@tek-kaz.kz
ҚАЗlang down
RUS ENG
shadow
  • Компания туралы
    • Жаңалықтар мен оқиғалар
    • Сауда-саттық
    • Компания туралы
    • Компанияның құрылымы
    • Даму стратегиясы
    • Сурет галереясы
  • Қызметтер
    • Дизель отыны
  • Отын қоймалары
  • Корпоративтік басқару
  • Сатып алулар
  • Байланыстар
Бізге хабарлаңыз
* Барлық баптары міндетті түрде толтырылуы тиіс!

Даму стратегиясы

 «ТЭК-ҚАЗАҚСТАН» САУДА ҮЙІ» - ҚОЗҒАЛЫС ЭНЕРГИЯСЫ!

«ҚАЗАҚСТАН - отын-энергетикалық кешені» Сауда үйі» компаниялар тобының даму стратегиясы өндірістік-технологиялық қызметінің тұрақты өсуіне, қызығушылық танытқан тараптардың кең ауқымы үшін экономикалық және әлеуметтік игіліктер жасауға ұмтылысты бейнелейді. «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» Сауда үйі» алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді әзірлеу мен іске асыруда бизнес мүдделерінің теңгерімділігіне, қызметтің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін тиімді басқаруға ұмтылады. «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» Сауда үйі» Компанияның дамуына,  инфрақұрылымы мен активтеріне, өндірістік қызметті жетілдіруге, өңірлік өкілдікті кеңейтуге ресурстарын жұмсай отырып, осы инвестицияларды Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығындағы ұзақмерзімдік бәсекеге қабілеттілігіне қосқан үлесі ретінде қарастырады. Біздің дамуымыздың негізгі векторы Клиенттерімізге ауқымды қызметтер шоғыры мен жоғары сапалы қызмет көрсете отырып, үздік әлемдік практикаға сәйкес өзінің қызметін жетілдіре отырып, жоғары нәтижелі әрі қарқынды дамушы Компанияны құру болып табылады.  

 

КОМПАНИЯНЫҢ МИССИЯСЫ:

Өз қызметін өндірістік және экологиялық қауіпсіздіктің үздік әлемдік практикасына сәйкес жетілдіре отырып, сенімді әрі жоғары сапалы қызмет желісін ұсына отырып, Клиенттерінің сұраныстарын барынша қамту арқылы отын энергиясының жетекші көзіне айналу.

 

БОЛЖАМЫ:

Кәсіпқойлар командасы мен тиімді бизнес үлгісі бар Қазақстан нарығындағы отын базаларының ең ірі желісі.

 

СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТЫ:

«ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» Сауда үйі» компаниялар тобының нарықтық құнының өсуі.

 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ:

  • Демократиялылық
  • Адалдық
  • Кәсіпқойлық
  • Ашықтық
  • Өзара сыйластық пен сенім
  • Жауапкершілік
  • Инновациялық
  • Нәтижелілік

​

КОМПАНИЯНЫҢ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫН ІСКЕ АСЫРУ АЯСЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАРЫ:

  -  Стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу
  -  Негізгі қызметтің нәтижелілігін арттыру 
  -  Инновациялық қызмет 
  -  Жер ресурстарын, экологиялық қауіпсіздікті қорғау және шекараның табиғи әлеуетін сақтау
  -  Жұмыскерлердің кадрлық әлеуетін дамыту және әлеуметтік қолдау 
  -  Өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау деңгейін көтеру, өндірісте жарақаттанушылық пен апаттылық көрсеткіштерін төмендету  
  -  Өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал ету

 

«ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» САУДА ҮЙІ» АЛҒА ҚОЙҒАН МАҚСАТТАР МЕН МІНДЕТТЕРГЕ ЖЕТУ ҮШІН ҚЫЗМЕТТІҢ КЕЛЕСІ СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫН ІСКЕ АСЫРУДЫ ЖОСПАРЛАУДА:

  -  Компаниялар тобының мәртебесін жоғарғы деңгейде ұстап тұру
  -  Халықаралық рейтингілік агенттіктермен расталған рейтингке ие болу
  -  Корпоративтік басқарудың озық практикаларын енгізу
  -  Бизнес диверсификациясы
  -  Табыстың артуы
  -  Қызмет сапасының үздіксіздігі мен үнемі жақсаруы
  -  Көрсетілетін қызметтер нарығында көшбасшылық позицияны сақтау
  -  Кадрлар ресурсының нәтижелілігін арттыру (ниеттестік, кәсіпқойлық, персоналды ынталандыру)
  -  Өрт, өндіріс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоршаған ортаға кері әсерін азайту
  -  ҚР экономикасын дамытуға бағытталған мемлекеттік жобаларға қатысу
  -  Өндірістік объектілерді жаңғырту және активтердің құқықтық тазалығы
  -  Ақпараттық және экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету

Компания кадрлар әлеуетін дамытуға ерекше көңіл бөледі. Жұмыскерлер «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» Сауда үйі» компаниясының басты құндылығы мен негізгі ресурсы болып табылады. Бүкіл қызметі барысында Компания үшін еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты сақтауды қамтамасыз ету, өндірісте жағымды жағдай жасау және жұмыскерлерді әлеуметтік қолдау, ынталандыру жүйесі мен кәсіби дағдыларын жетілдіру, корпоративтік мәдениеті мен ұйымдастырушылық тиімділігін дамыту басымдыққа ие факторлар болып табылады. «ҚАЗАҚСТАН-ОЭК» Сауда үйі» өз жұмыскерлеріне әлеуметтік серіктестер ретінде қарайды, ал персоналдарды дамытуға жұмсалатын инвестицияларды Компанияның болашағы үшін жұмсалған қаржы ретінде қарастырады.

Компания үнемі технологиялық инфрақұрылыын жаңғыртуды, өндірістік процестерді жетілдіруді, экологиялық бақылауды қамтамасыз етуді, тәуекел менеджментінің тиімді жүйесін қамтамасыз етуді, ішкі жүйелер аудитін жүргізуді және қызметтің негізгі бағыттары бойынша қызметті бағалауды жүзеге асырады. Бұл Компания үшін өзінің көшбасшылық позициясын және ұзақмерзімдік кезеңге дейін бәсекеге қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік береді.

bak
footer icon
Қазақстан Республикасы, Z05H9A7, Астана қ., Д. ҚОНАЕВ, көш., 10
info@tek-kaz.kz
Undefined
Undefined
ҚАЗАҚСТАН-ОЭК © 2025
"BM TRADA Certification" сертификаттау жөніндегі британ корольдігінің МС ISO 9001-2008 талаптарына сәйкестігіне сертификатталды.
Торап әзірлеу - SoftDeCo